«Зуқа батыр» жырының бас кейіпкері Зуқа қажы да нақтылы өмірде болған адам. Тарихи деректерге сүйенсек, ХХ ғасырдың 20-жылдарының аяқ шеніне келгенде Алтай өңірінің қоғамдық жағдайы тіпті де асқына түсті. 1928 жылы жазда Алтайдың дау иыңы (қосымша қорғаныс елшісі) болып Ви Жыңго дейтін біреу келді. Ол келе сала Алтай халқына қанды шеңгелін салды. Халықты қан қақсатты. Әскери күшпен озбырлық жүргізіп, алман-салықты шектен тыс ауырлатып, елді ерекше қатты күйзелтті. [3,86 б.] Ви Жыңгоның бұл зұлымдығына шыдамай қарсы күрескендердің бірі – Зуха Сәбитұлы болды. Зуха Сәбитұлы 1866 жылы шығыстағы Қалба тауының етегінде дүниеге келген. Абақ керейдің Ителі руынан шыққан ол - аталарының жолын қуып, діни дәріс алған. Атасы Нұрмұхаммед бүкіл орта жүзге таныс абыз атанған. Өз әкесі Сәбит те абақ керейдің ішінде мешіт-медресе салып, бала оқытқан, «Дамолла» деген атақ алған діни оқымысты адам болған. Солтүстік Шыңжаңның ұлан-ғайыр елінде 40 жылға жуық имамдық жолында ұстаздық еткен. Төрт ұлы - Зуха, Білжай, Дәкен, Шәкірат әкеден жастай қалып, көзі ашық, көкірегі ояу шешесі татар қызы Бәтиманың тәрбиесінде өседі. Зуха 1903 жылы Меккеге қажылыққа барып, сонда біраз жүріп, 1906 жылы 40 жасында қажылықтан оралады. Қажылықтан кейін 23 жыл өмір сүріп, 1929 жылы басы алынып шейіт болған.
Енді Зуқа батырдың жырдағы бейнесін жыршылар:
…Ішінен бұл керейдің бір ер шықты,
Дұшпанын ерегескен жерге жастап.
...Келгенде жиырма жасқа атқа мініп,
Ішінен өз елінің шыққан екен, [30, 301-б.] -
деп хабарлайды.
Жырда Зуха тек батыр ретінде ғана емес, әр қырынан көрініс береді. Мәселен, ел ішінде беделді адам екендігін:
Алтай, Боғда, Үрімжі, Жайыр, Сауыр,
Тұрушы ед ортасында бір асқар бел, -
- деп сипаттайды. Оның халық қамын ойлаған, әділетсіздікке қарсы шығып, бай-шонжарлармен, билік басындағылармен үзеңгі қағыстыруларын:
Пақырлар күліп қайтар, жылап барып.
Шаһит қой Зуха батыр жүзі жарық.
Қорлығы өткен халықтың қас жауынан
Еліне берем деуші ед теңдік алып, -
- деп суреттейді.
Жырда болған оқиға бұрмаланбаған. Қайта жыр мен дерек бірін-бірі толықтырып отырады. Жырда Зуқа қажының басын денесінен бөліп алып кеткендігі турасында мынадай жолдар бар:
Қауіпсіз жатқан шағында
Шеріктің қамап алғаны.
Басын кесіп қажының
Қу қоржынға салғаны [30, 305-б.].
“Зуханың басын денесінен бөліп алып, қоржынға сала қашқан Ма дарын тізгін ұшымен Сарысүмбеге жетеді. …Уи дауиң Сарысүмбенің Қыран өзеніне салынған үлкен көпірдің кіре берісіне Зуханың басын іліп қойып, “кім бағынбаса осыны көреді” деп үгіт жүргізеді” [18, Б.174-178] . Міне, тарихи жыр мен шындықтың арасы алшақ емес екендігі осы жырда да көрініс берген.
点击数:3
标签:
«Зуқа батыр»
留言(0)|添加留言>>